Жарнама
Жарнама

"Челси" "Барселона" шабуылшысы үшін 20 миллион еуро беруге дайын

12.07.2015, 01:14
Жарнама
Жарнама
"Ақсүйектер" өз сапында Педроны көргісі келеді Испандық Sport басылымының хабарлауынша "Челси" "блаугранаға" жақын арада ұсыныс жасамақ. 27 жасар "Барселона" клубының түлегі Педро жөнінде. Роман Абрамович футболшы үшін 20 миллион еуросын қиюға дайын. Негізі "Челси" Педроға қызығып отырған Тұманды Альбиондағы бірінші клуб емес. "Арсенал" мен "Ливерпуль" де өткен маусымда MSN-ның көлеңкесінде қалған Педроны шақыруға ниетті. Әлем және Еуропа чемпионы осыған дейінгі мансабын тек қана "Барселона" сапында өткізген еді. 2007-ші жылы алғаш рет негізі команда жейдесін киіп алаңға шыққан Ла Масиа түлегі дәл бүгінге дейін 204 ойын өткізіп 58 гол салған.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров