Лондондық «Челси» «Милан» шабуылшысы Рафаэль Леау немесе «Баварияның» вингері Серж Гнабриді сатып алу нұсқасын қарастыруда, деп хабарлайды The Guardian.
Дереккөздің мәліметінше, англиялық клуб «Барселонаға» ауысқалы тұрған «Лидс» шабуылшысы Рафиньяны алуға тырысып көреді. Бірақ бразилиялық шабуылшы мансабын Испанияда жалғастырғысы келеді, каталониялық клуб өз кезегінде оның трансфері үшін 70 миллион еуро төлемек.
«Челсидің» бас бапкері Томас Тухель Рахим Стерлингтен бөлек, тағы бір шабуылшы алғысы келеді. Рафаэль Леау үшін «Милан» 100 миллион еуро сұрауда. Ал Гнабридің «Бавариямен» келісім-шарты келесі жазда аяқталады. Сондықтан оның трансфер құны 30-40 миллион шамасында болады.
Біздің серіктес: FONBET