Лондондық "Челси" "Бавария" қорғаушысы Жером Боатенгті сатып алғысы келетінін мәлімдеді. Клуб басшылығы мюнхенге арнайы хат жолдап, футболшыға байланысты ұсыныстар мен келісімсөздер бастағысы келетінін жазыпты. Неміс журналистерінің ақпаратына сенетін болсақ, Боатенгтің өзі де "Бавариядан" кетуден бас тартып отырған жоқ екен. Футболшы алаңда көп ойнай алмай жүргеніне қынжылып, өзге клуб қарастырып жүрген секілді.