Жарнама
Жарнама

«Челси» Бразилия құрамасының шабуылшысын сатып алмақ

29.06.2022, 06:55
«Челси» «Лидс» клубымен трансфер сомасы жайлы нақты мәмілеге келді.
Жарнама
Жарнама

«Челси» мен «Лидс» клубтары бразилиялық шабуылшы Рафиньяның трансфері туралы ортақ мәмілеге келді. Лондондық клуб вингер үшін £55 миллион төлеуге дайын, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Бонустарды есепке алғанда бұл сома 65 миллионға дейін өсуі мүмкін. «Лидс» клубы лондондық клубтың бұл ұсынысын еш ойланбастан қабылдады. Қазір «Челсидің» қожайыны Тод Бёли футболшының агенті Декумен жеке келісім-шарт мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде.

25 жастағы бразилиялықты сатып алу үшін «Арсенал» мұндай соманы төлеуге дайын болмады, ал «Барселонаның» қаржылық жағдайы бәрімізге мәлім.

«Челси» Рафиньямен бірге Англия құрамасының шабуылшысы Рахим Стерлингті де сатып алуды көздеп отыр. Лондондық клуб жақын арада «Манчестер Ситиге» ресми түрде ұсыныс тастайды.

Өткен маусымда Рафинья «Лидс» үшін 36 матчта 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров