Лондондық клубтың бас бапкері Энцо Мареска баспасөз-мәслихатында «Астанамен» өтетін кездесу жайлы айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі «Астана» - «Челси» матчы 20:30-да басталады. Ойын Алматының «Орталық» алаңында өтеді.
«Матч алдында сегіз сағат бойы ұшу өте қолайсыз.Алайда, біз сол жаққа барып, өз ойын үлгімізді көрсетуіміз қажет. Соған қарамастан келесі кездесу туралы да ұмытуға болмайды. Біз ұшып келген бойда тамақтанып, сонан соң тынығамыз. Жергілікті уақыт бізден бес сағатқа алда екен. Сондықтан, біз оянғанша түске таяйды. Тиісінше Қазақстанда 24 сағаттан аз уақыт боламыз. Жұма күні таңғы алтыда Лондонға ораламыз. Ал жексенбі күні матч күтіп тұр», - деді Э. Мареска.
Бүгін Алматыда -11 градус болады деп күтілуде. Лондондық бапкер бұл жағдайға байланысты ойын да ашық білдірген болатын.
«Әрине, ауа температурасы күрт өзгереді. Сөйте тұра біз барынша тез бейімделіп, қиындықтарға төзуіміз қажет», - деп қоса кетті «Челсидың» бас бапкері.
Айта кетейік, «Челси» астанаға негізгі құрам ойыншыларының көпшілігін алып келмеді. Энцо Мареска Алматыда алаңға негізінен жастарды шығаратынын жасырған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET