Жарнама
Жарнама

«Челси» Дастан Сәтпаевты бір маусымға жіберетін клубты тапты. Қос тарап жалға беру шарттарын келісу тиіс

Бүгін, 14:43

«Челси» жайлы жазатын «X JnR» әлеуметтік желісіндегі аккаунты Дастан Сәтпаевты топ-чемпионаттың клубына ұсынды.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

Танымал желі 17 жастағы шабуылшының талантына тоқталып, өнеріне жоғары баға берген болатын. Дастан Сәтпаев өткен турда «Ақтөбе» қақпасын дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады. Алматының «Орталық» алаңындағы маңызды матчта кездесуге 75-минутта шыққан болатын.

«Дастан Сәтпаев чемпионат жанданғанда қосалқы құрамнан шығып, тағы да гол салды. «Челсиде» болмағаны өкінішті. Лиам Делаптан мықты екені анық. Мүмкін, оны Страсбурге» жалға жіберу керек пе еді?», - делінген дереккөздің хабарламасында.

«Челси» Дастан Сәтпаевпен былтыр келісімшартқа отырды. Оның талаптарына сай, алматылық клуб түлегі лондондық клуб қатарын кәмелетке толғанда толықтырмақ (осы жылы тамызда). Дастан Сәтпаев өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 41 кездесуде 19 гол мен 7 ассист тіркеді. Ал Дамир Марат «Оқжетпес» үшін премьер-лига аясында 25 матчта өнер көрсетіп, 4 голдың авторы атанды.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров