Жарнама
Жарнама

“Челси” Джексонды £100 миллионға бағалап отыр, шабуылшыға “АС Милан” қызығушылық танытуда

12.07.2025, 16:00

"Челси" клубының шабуылшысы Николас Джексон "АС Миланның" шабуыл шебін күшейту мақсатында қарастырып отырған алты ойыншының тізімінде тұр. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Ақпарат көзінің мәліметінше, Лондондық клуб 24 жастағы Сенегалдық ойыншыны £100 миллионға  бағалап отыр. 

Журналистердің айтуынша, "Милан" өкілдері Джексонды "Челсиден” кетуге көндіруге тырысуда. Бірақ “Россонери" ойыншы үшін £100 миллион төлеуге дайын емес.

Өткен маусымда Николас Джексон барлық турнирде 37 матч өткізіп, 13 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Оның "Челсимен" қазіргі келісімшарты 2033 жылдың жазыңа дейін күшінде.

Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының нарықтық құны €50 миллион.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров