Жарнама
Жарнама

"Челси" "Энфилдтың" жағымсыз қонағы

09.11.2014, 03:09
Жарнама
Жарнама
"Челси" қатарынан екі маусымда "Энфилда" жеңіске жетіп отыр. Егер былтырғы жеңіс қызылдарды чемпиондықтан айырса, бүгінгі жеңісімен "Ливерпульдің" проблемасы қаншалықты тереңде екенін көрсетіп берді. Алаң иелері бәрі сәтті басталған болатын. 9-шы минутта Эмре Джанның алыстан бағыттаған добы, жол-жөнекей Кэхиллдің иығына тиіп Куртуа қақпасына енді. Бірақ, 5 минуттан кейін Жозе шәкірттері есепті теңестіріп кетті. Тағы сол Кэхилл. Енді қарсылас қақпасының маңайында белсенділік танытты. Бұрыштама добынан кейін, Миньоле қақпасына соққыны бағыттап, доппен қоса қақпашыны да қақпа ішіне кіргізіп жіберді. Басында, гол ма гол емес па деген сұрақ тұрған. Бірақ, бейнеқайталау төреші шешімінің дұрыстығын айқындап берді. 1:1! Екі командада да бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалды. Екінші 45 минуттық барлаушылық басталды. Алаң иелері де, қонақтар да шабуылға лап қойған жоқ. Әрине, ойын басымдылығы "ақсүйектер" еншісінде болды. Көп шабуылдауға тырысты, бірақ Ливерпуль ұқыпты қорғана біліп, реті келсе қарсы шабуылмен жауап қайтаруға тырысып бақты. «Челси» переиграл «Ливерпуль» на «Энфилде» Матч тағдырын Жозенің ойыншы алмастыруы шешті десек те болады. 54 минутта Рамирес орнына Виллианды шығарды. Бұнымен Жозе тең нәтижеге қанағаттанбайтынын көрсеткісі келгені айтпаса да түсінікті еді. Сол Виллиан өзінің шебер орындалған пасымен сол қанатта ашық қалған Аспиликуэтаны тапты. Ол, Джонсонның жоқтығын пайдаланып, Коутиньоның алдап өтті де, айып алаңға пас асырды. Доп Миньоленің қолына тиіп барып, Костаның аяғына топ ете түсті. Мұндай сәттерді жіліктей шағатын бразило-испандық сұрмерген командасын есепте алға шығарды. Енді "Ливерпульға" шабуылдау керек болды. Бірақ, "Челси" қорғанысы сыр бермеді. Ойынның 88-ші минутында алаң иелері пенальтиге үміттенген. Доп Кэхиллдың қолына тигенімен төреші пенальти белгілеген жоқ. Шындығында, пенальтиге тұрарлықтай футбол снаряды қорғаушының қолына тиді. Бастысы, доптың ұшу бағытына әсер етті. Сонымен, "Челси" кезекті рет "Ливерпульді" өз үйінде тізе бүктірді. 2-ші орындағы "Саутгемптоннан" 7 ұпай алшақтады. Ал, "Ливерпуль" тур қорытындысы бойынша 13-ші орынға да сырғуы мүмкін. Брендан Роджерс командасының құлдырауы жалғасуда.. Ех, 6 ай бұрын алтынға таласқан команда қайдасын? ЛиверпульЧелси 1:2(1:1) Голдар: Джан, 9 — Кэхилл, 14, Диего Коста, 67   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров