Португалия және Ағылшын ақпарат құралдарының жазуына қарағанда Англиялық «Челси» командасы Аргентиналық шабуылшы Гонсало Игуаинды сатып алмақшы көрінеді. Игуаин қазір Италиялық «Наполи» командасында доп теуіп жүр.
«Челсидің» бас бапкері Моуринью бұл ойыншымен жақсы таныс. Жозе «Реал Мадридта» үш жыл бойы өз тәлімін алған аргентиналық жігітті қай жағынан болсада «Челсидің» талабына сәйкес келеді деп есептейді екен.
Игуаинды өз қатарларына қосу үшін Моуринью 48 млн фунт стерлинг ұсынып отыр. Мамандар ұсынылған жоғары бағаны «Наполидің» келісімін алудың бірден-бір жолы болуы мүмкін деп межелейді. Өйткені, италиялық команда жазда Игуаинды 34.5 млн фунтқа сатып алған болатын. Арада жарты жыл өтпей жатып 13.5 млн фунт жоғары бағаға сатылмға жіберсе, бұл «Наполи» үшін сәті келген сауда саналары сөзсіз.
Игуаин осының алдындағы бір сұқбатында: «Егер Моуринью мені қажет етіп жатса оның қасынан табылуға дайынмын»- деген болатын.
Енді тек «Наполи» бас изесе болғаны, «Реалдің» экс- шабуылшысы қысқы трансферде Лондонға келуі әбден мүмкін.
Қуанышхан ӨМІРХАН