Жарнама
Жарнама

Челси кешегі ойынды жаттығу есебінде өткізді...

17.03.2011, 20:01
Жарнама
Жарнама

Біз күткен чеспиондар лигасының соңғы екі матчы да өз мәресіне жетті. Оның нәтижесі де көңілдегідей болып шықты. Көпшіліктің көкейінде жүрген ойын ол мадридтік Реалмен француздық Лион арасындағы айқас болатын. Бұған дейінгі қалыптсқан дәстүрді бұзған Жозьеның шәкірттері шын мәнінде көп нәрседен үмітті екендіктерін дәлелдеді. Тағы бір ойын ол Лондонда өтті.

Бұған дейінгі өткен матчта ¼ финалдық кезеңнің мәселесін Дания жерінде шешіп тастаған Карлоның қырандары ойын барысында жаттығу алаңында жүргендей сезінді. Енді-енді өз дегендеріне келе бастаған ақсүйектердің құрамы толысып келеді. Матчтың алдында берген сұхбатында Копенгагендіктерден сескенетінін де айтқан болатын Анчелотти. Қырық мыңнан астам жанкүйердің алдында барын салып баққан көктердің қарқыны қатты болғанымен, бастаған ісі өнбей қойды. Бірақ біз бұл матчты алдағы жексенбі күні болатын 30-турдың аясындағы Манчестер Ситиге дайындық деп қабылдадық. Дегенмен алаңда біраз уақыт көрінбей кеткен Джон оби Микелдің өзі төбе көрсетті.

Келер аптада Алекс пен Бенаюнды да көресіздер деді папа Карло. Көктердің бас бапкері ең бастысы ойыншылардың жарақат алмауы депті. 90 минут бойы тер төккен футболшылар қарсыласымен соқтығысып, болмаса ойын жағдайындағы жарақаттарға жол берген жоқ. Мұның өзі келер кезеңге өткен Челси үшін ең жағымды жаңалық. Кешегі өткен ойын барысын тек қана орындықта отырып тамашалаған Столе Сольбаккенге бірыңғай шеберлер жиналған көктердің ойынын көре отырып, тек мойындау ғана қалды. Бұдан даниялықтардың жиған тәжірибесі көп. Бірақ ең қызығы ертең өтетін жеребе тастау рәсімі. Петр Чехтың өзі бізге қандай команда түссе де бәрібір, біз өз ойынымызды ойнаймыз депті. Дегенмен осы уақытқа дейінгі сұхбаттардың дені Барселона бізге түспесе екен деген сескенген сөздерден құралған еді. Ал, біз өз кезегімізде келесі кезеңге өткен еуропалық алпауыт футбол клубтарына сәттілік тілейміз. Бізге тамаша ойын сыйласа жетіп жатыр....

Еркін Шәкірұлы,  журналист

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров