Жарнама
Жарнама

«Челси» клубын америкалық кәсіпкер сатып алды

07.05.2022, 15:27
Кәсіпкер клубты бірнеше адаммен бірігу арқылы сатып алды.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» баспасөз қызметі клубтың америкалық кәсіпкер Тодд Бёлиге сатылғанын хабарлады.

«Челси» Тодд Бёли, Clearlake Capital, Марк Уолтер және Хансйорг Висс бастаған жаңа топтың клубты сатып алатынын растай алады.

Жалпы инвестицияның 2,9 миллиард еуросы клубтың акцияларын сатып алуға жұмсалады және бұл ақша 100% қайырымдылыққа беру ниетімен Ұлыбританияның банктік шотына аударылады.

Сонымен қатар жаңа қожайындар клубтың пайдасына қосымша 2 миллиард еуро инвестиция салады. Бұл «Стэмфорд Бриджге», академияға, әйелдер командасы және клубтың қорына жұмсалатын болады.

Сатылым мамыр айының соңында, барлық қажетті рұқсаттарды алған жағдайда аяқталады деп күтілуде», - делінген клубтың ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров