Жарнама
Жарнама

«Челси» мен Дастан Сәтпаевтан кейін Қазақстан нарығы ерекше назарда. Әсіресе, түркиялық скауттар ерекше белсенуде

23.04.2025, 11:57

Түркияның танымал спорт комментаторы Ксандер Ксеркс «Челси» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың трансферіне байланысты түркиялық скауттарды сынға алды.

Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапында
Жарнама
Жарнама

Дәлірек айтсақ, белгілі маман отандастарының қазақстандық талантты дер кезінде танып, байқамағанына байланысты назын жеткізген еді.  

«Челси» Дастан Сәтпаевты 16 жасында ашты. Оны қазақстанның лигасы үшін рекордтық, бұрын соңды болмаған 4 миллион еуроға сатып алған. Бірақ, Түркиядағы біздің скауттар көз алдындағыны байқамайды. Не дейміз, енді сіздер бұдан былай географияны жақсырақ зерттейсіздер деген үміттеміз», - деді түркиялық комментатор.

Естеріңізге сала кетейік, Дастан Сәтпаев 2026-жылдың жазында "Челсиге" қосылып, 5 жылдық келісімшартқа қол қояды. Ал "Қайрат" футболшы үшін 4,3 миллион еуро алады. Оған дейін 16 жасар шабуылшы алматылық команда қатарында өнер көрсете бермек. Биылғы премьер-лигада Сәтпаев 6 ойында доп теуіп, 4 гол мен бір ассисттің авторы атанды.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров