Бенуа Бадиашиль Конференциялар лигасының негізгі кезеңінің бесінші турындағы «Астана» - «Челси» кездесуіне дайындық жайлы айтты.
Франциялық қорғаушы Алматыға келу-келмеуі белгісіз екенін де жасырған жоқ.
«Ұшақта отырамын ба білмеймін. Энцо Марескадан сұрағаныңыз дұрыс. Бұл өте қатты алыс сапар», - деді лондондық ойыншы.
Айта кетейік, «Астана» - «Челси» матчы 12-желтоқсанда Алматының «Орталық» алаңында болады. Кездесу 20:30-да басталады. Ойынға неміс төрешілері қазылық ететінін де қоса кетейік.
Біздің серіктес: FONBET