Жарнама
Жарнама

«Челси» «РБ Лейпцигтің» қорғаушысымен келіссөздер жүргізуде

31.08.2022, 12:36
Футболшы лондондық клубқа келесі жылы қосылады деп күтілуде.
Жарнама
Жарнама

«Челси» «РБ Лейпцигпен» хорватиялық қорғаушы Йошко Гвардиолды сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде. Қос тарап осы трансферлік терезеде ортақ мәміле жасасады деп күтілуде, бірақ италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, ойыншы лондондық клубқа 2022/2023 жылғы маусымның соңында қосылады.

Дереккөздің мәліметінше, «Челси» Гвардиол үшін 90 миллион еуро ұсынған.

Гвардиол «РБ Лейпцигте» 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді. Ол команда сапында 50 ойынға қатысып, екі гол мен төрт нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Қорғаушы 2021 жылдың маусымында Хорватия құрамасы сапында дебют жасап, сол жазда Еуропа чемпионатының төрт ойынына қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров