Жарнама
Жарнама

«Челси» «Реал Мадридтен» 20 миллион еуро алады

17.07.2020, 20:34
Азар «Реалда» жүрсе де, «Челсиге» өз пайдасын тигізуде.
Жарнама
Жарнама

«Челси» «Реал Мадридтің» Ла Лига титулын жеңіп алғанынан пайда көрді. Кеше Мадридтік клуб "Вильярреалды" ұтып, Испания чемпионатын жеңіп алған болатын.

Шабуылшы Эден Азар қазір «Корольдік» клуб сапында өнер көрсетеді. Бельгиялық ойыншы "Челсиден" өткен жазда кеткен еді. Трансфердің бастапқы құны 91 миллион фунт (100 миллион еуро) болды, бірақ бонустарды ескере отырып, ол 130 миллион фунт стерлингке дейін (143 миллион евро) өсуі мүмкін.

Mirror-дың хабарлауынша, "Реал Мадрид" чемпионатты жеңіп алғаны үшін "Челсиге" Азар үшін тағы 18 миллион фунт стерлинг (20 миллион евро) төлеуге мәжбүр. Осылайша "Челси" тағы бір ойыншы сатып алуға қаражат жинап алмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров