Жарнама
Жарнама

«Челси» Ромелу Лукакуға берген сұхбаты үшін жаза тағайындады

02.01.2022, 22:36
Футболшы маңызды матчтан шеттетілді.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» шабуылшысы Ромелу Лукаку Ағылшын Премьер-лигасының 21-ші турында «Ливерпульмен» болатын ойынға қатыспайды, деп хабарлады журналист Дэвид Орнштейн өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін Лукаку Sky Sport басылымына берген сұхбатында Тухельдің ойын жүйесіне көңілі толмайтынын және «Интерге» қайта оралғысы келетінін айтқан болатын. Мұндай жаңалықты күтпеген лондондық клубтың басшылығы мен бас бапкері бельгиялық шабуылшыны «Ливерпульмен» болатын ойынға қатыстырмау туралы шешім қабылдады.

Қос команда арасындағы ойын бүгін, 2 қаңтарда Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров