Жарнама
Жарнама

«Челси» санкция әсерінен қандай шығынға ұшырайды?

13.03.2022, 22:06
Роман Абрамовичке клубты сатуға да тыйым салынды.
Жарнама
Жарнама

«Челси» қиын жағдайға тап болды: Ұлыбритания үкіметінің Роман Абрамовичке салған санкциялары клубтың жұмысына қауіп төндірді. «Челсиге» FA, Премьер-Лига және УЕФА-дан берілетін төлемдер мен бонустарды алуға рұқсат етілді, бірақ ақшаны пайдалануға мүмкіндік жоқ. Клубтың және Абрамовичтің Англиядағы есепшоты бұғатталған екен. 

«Челси» санкция кесірінен қандай шығынға ұшырайды? 

1) Лондондық клубқа алдағы матчтарға билет сатуға тыйым салынды. Осы жазаның салдарынан «Челси» кем дегенде 3 миллион фунт стерлинг жоғалтқалы тұр. «Стэмфорд Бриджге» 40 834 жанкүйер сыяды. Дегенмен, алдағы матчтарға абономенті бар жанкүйерлер қатыса алады. Бірақ олардың саны көп емес. OLBG порталының зерттеуіне сәйкес, Клуб бір ойыннан билет сату арқылы 603,198 фунт стерлинг пайда табады екен. 

2) «Челси» алдағы уақытта клуб дүкеніндегі атрибуткаларды да сата алмайды. Ресми дүкендегі жейделердің бағасы 69,95-84,95 фунт стерлингті құрайды. Дәл қазіргі сәтте команданың дүкендері өз жұмысын тоқтатқан екен.

«Біз өз алаңымызда әлі бес матч өткіземіз, сонымен қатар Чемпиондар лигасының бір немесе екі матчы бар, сондықтан шығын 12-14 миллион фунт аралығында болады», - деді «Челси» жанкүйерлер кеңесінің мүшесі Дэн Сильвер Independent басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, лондондық клуб 2020/2021 жылғы маусымда атрибуткаларды сату арқылы 153,6 миллион, ал 2019/2020 жылғы маусымда 170,4 миллион фунт стерлинг пайда тапқан болатын.

3) 2016 жылы «Челси» мен Nike жалпы құны 900 миллион фунт стерлингті құрайтын 15 жылдық келісім-шартқа қол қойған еді. Егер аталмыш компания «аристократтармен» жұмыс істеуден бас тартса, клуб 540 миллион фунт стерлингтен айырылады.

4) «Челсидің» титулдық демеушісі болып табылатын Three компаниясы клубпен келісім-шарттың тоқтатылатынын хабарлап үлгерді. Абрамовичтің командасы бұл компаниядан жылына 40 миллион фунт стерлинг алып жүрген еді.

4) Келесі кезекте Hyundai компаниясы тұр, олар 2018 жылы клубпен бес жылдық келісім-шарт түзген (жылына 10 миллион фунт стерлинг). Қазір корпорация келісім-шартты бұзбай, жағдайды жіті бақылап отыр.

5) Осы тұста «Челсиде» жалпы 16 демеушінің бар екенін айта кетейік, оның ішінде Trivago, Yokohama Tyres, Vitality, Hublot, Cadbury және Singh компаниялары аз да болса, клубқа ақша беріп отыр.

6) Томас Тухель алдағы жазда келісім-шарты аяқталатын ойыншыларға сенім арта алмайды. Олар: Антонио Рюдигер; Сауль Ньигес; Андреас Кристенсен; Сезар Аспиликуэта; Чарли Мусонда; Дэниел Дринкуотер; Абдул Рахман Баба; Джейк Кларк-Солтер. Сондай-ақ жаңа ойыншыларды да қатарға қоса алмайды.

7) Қаржылық шығыннан басқа тағы бір қауіп бар - клуб пен фан-шопта қызмет ететін 1000-ға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Енді клубты күйреуден сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі бар - тезірек сату. Ұлыбритания үкіметінің «Челсиге» берген лицензиясы 31 мамырда аяқталады, содан кейін клубтың әрі қарай жұмыс істеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Бірақ «Челсиді» сату мүмкін емес. Абрамович өзінің командасын аман алып қалғысы келсе, оны басқа адамға тек тегін беруі тиіс. Яғни ресейлік кәсіпкер транзакциядан пайда таба алмайды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров