Бүгін, 23 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Челси» мен «Лилль» арасындағы алғашқы ойын өтті. Матч Лондондағы (Англия) «Стэмфорд Бридж» стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Кездесудің 8-минутында Кай Хаверц Хаким Зиештің бұрыштамадан асырған добын басымен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. Лондондық клубтың екінші голын Кристиан Пулишич соқты. Нәтижелі пасты өз атына жащған Н'Голо Канте матчтың үздік ойыншысы деп танылды
Ал параллель өткен ойында «Вильярреал» өз алаңында «Ювентусты» қабылдады. Испаниядағы «Керамикс - Эль Мадригал» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 32-секундында-ақ «Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович есеп ашты. Голдық пасты туриндік команданың қорғаушысы Данило берді. Ал 66-минутта «Вильярреалдың» жартылай қорғаушысы Дани Парехо айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, «Ювентус» қақпашысын қапыда қалдырды және матчтың үздік ойыншысы атанды.
Қос командалар арасындағы жауапты кездесу 17 наурызға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET