Жарнама
Жарнама

"Челси" тағы да 4 гол салады

Кеше 5 матчқа болжам берген едім. Соның бесеуі де дәл келді. 

Жарнама
Жарнама

“Челси” – “Ноттингем Форест”

“Челси” бір таймда 4 гол салып жүрген команда ғой. Коул Палмердің есімі дүркіреп тұрғаны елге мәлім. Ағылшып премьер-лигасында бір ойында 6 гол салған адам әлі де жоқ. Тарихи тұлға кім болады? Бәлкім осы матчта Палмер 6 гол салатын шығар а? Әлде, тым сезімге беріліп кеттік пе? Болжам үшін айтайын, “Челси” 1,5 көп. 

“Алавес” – “Барселона”

Кеше “Реал” 2:0 жеңіске жетті. Бұл дегеніміз каталон клубына үлкен мотивация. Жеңбесе болмайды. Қиын сын күтіп тұр. Жарты құрамы қирап қалған “Барса” әйтүп-бүйтіп жеңуі тиіс. Чемпиондар лигасындағы сенімді жеңіс командаға рух беріп тұр. Ямал бастаған рекорд жасағыштар алаңға шығып, жасындай жарқыраса “Алавестің” апшысын қуырар. Менің ойымша тотал-мотал демей, “Барсаның” жай ғана жеңісін алған дұрыс. Ұтатын шығар, не көрініпті тегі?

“Реал Сосьедад” – “Атлетико” Мадрид

“Бенфикадан” өліп тұрып таяқ жеген “Атлетико” жанкүйер алдында желпініп қалуды көздейді. Диего Симионе командасын шабыттандыруы тиіс. Гризманн бастаған мықтылар сыртта да ойнай береді. Басктер сәл ыңғайсыз қарсылас негізі. Е өздері ойнамайды, өзгені де ойнатпай ұзақ жүріп алады. Иманол Альгусиль қызық маман. Кубоны қапталдан ортаға ойыстырып неше түрлі әрекет қылады. Екеуі де гол салады дегеніміз дұрыс-ау. 

“Болонья” – “Парма”

“Парма” сұрапыл шабуылдайдын команда. Ойнаған матчында кем дегенде 2 голдан салып жатыр. Бірақ, сонда да жеңіліп қалып жатады. Ашық ұрысқа керемет дайындалған. Бірақ, бүгін мына “Болонья” деген олай ойнамайды. Винченцо Итальяно келгелі бері бұлар сәл стиль өзгпертті. Өткен жылғы бапкер Тьяго Мотта өз тактикасын алып “Ювеге” көшті. Демек, бұл ойынға матч тоталы 2,5 көп деп алған дұрыс. Себебі, қатты ойнап кетсе алаң иелерінің өзі 3 гол салуы мүмкін. Негізгі үміт сол “Пармада” ғой. Олар гол салса болды, ары қарай тотал жарыла кетеді. 

Кешегі болжамым 100 пайыз шыққан соң күніге солай болады деп ойламаңыз. Қателесіп тұрамыз, адам болған соң. Матч нәтижелерін дәл таба берсек бәріміз бәс тігіп байып кетпейміз бе? Сондықтан, жай-жай болжам айтып қоятынымыз бар. Қызық та, өзіңнің ішкі түйсігіңді тексеріп көру деген. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров