Жарнама
Жарнама

«Челси» Томас Тухельді қызметінен босатты

07.09.2022, 20:29
Лондондық клуб жаңа маусымды сәтсіз бастады.
Жарнама
Жарнама

«Челсидің» бас бапкері Томас Тухель қызметінен босатылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Челси футбол клубы Томас пен оның көмекшілеріне жасаған жұмысы үшін ресми түрде алғыс білдіреді. Томас Чемпиондар лигасын, Суперкубокті және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін «Челсидің» тарихына енді. Клубтың жаңа қожайындары қазір дәл осындай шешім қабылдайтын уақыт келді деп есептейді.

«Челсидің» жаттықтырушылар штабы команданы алдағы матчтарға дайындауда, клуб жақында жаңа бас бапкерді тағайындайды. Жаңа бас бапкер келмейінше, ешқандай түсініктеме бермейміз», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

49 жастағы Тухель лондондық команданы 2021 жылдың қаңтарында тізгіндеп, олармен бірге Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Кеше, 6 қыркүйекте «Челси» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-туры аясында Загребтің «Динамосынан» жеңіліп қалды (0:1).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров