Жарнама
Жарнама

“Челсидегі” төңкеріс – Энцо Мареска неге қуылып кетті? Клуб ішіндегі шиеленістің құпиясы ашылды!

02.01.2026, 22:10

Дастан Сетпаевтың командасы "Челси" тағы да дүрбелең үстінде. Клуб басшылығы Энцо Маресканы қызметінен босату туралы күтпеген шешім қабылдады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Enzo Maresca
Жарнама
Жарнама

Сырт көзге бәрі дұрыс көрінгенімен, Стэмфорд Бридждегі ішкі жағдай әлдеқашан ушығып кеткен екен. Маресканың кетуіне тек нәтиже емес, клуб ішіндегі үлкен текетірес себеп болған. 

Бапкердің жұмыстан кетуіне нелер басты себеп болғанын Aladop.kz сайты іздеп, талдап, саралап сіздерге ұсынбақ.

Рис Джеймс мәселесі

Мареска мен клуб арасындағы басты кикілжің — медициналық департаменттің шешімдеріне қатысты туындады. Клубтың тәуелсіз медициналық қызметі жарақаттан жаңа оралған капитан Рис Джеймстің алаңдағы уақытын қатаң шектеуді талап еткен. Алайда, Мареска бұл даталар мен нұсқауларды елемей, ойыншыны ұзақ уақыт бойы пайдаланған. Бұл басшылық пен бапкер арасындағы сенімге селкеу түсірген басты факторлардың бірі болды.

Басшылықтың бизнес мен Маресканың ұстанымы

Клуб қожайыны Бехдад Эгбали футболды емес, инвестицияны бірінші орынға қойғандай әсер қалдыруда. Мысалы:

• Трансферлік саясат: Басшылық Николас Джексон мен Коул Палмер секілді ойыншыларды болашақта қымбатқа сатуды ғана ойласа, Мареска олардың тұрақты дамуын қалаған.

• Эстевао vs Педро Нето: Клуб басшылығы жаңа келген жас талант Эстеваоға көбірек уақыт беруді бұйырса, Мареска бұл қадамға қарсы шығып, ойыншының біртіндеп өсуін қолдаған.

• Леви Колвилл: Қорғаушы жарақат алғанда, Мареска тәжірибелі ойыншы сұраса, басшылық бұл жағдайды жаңа жастарды шығару мүмкіндігі ретінде көрген.

"Манчестер Ситимен” жасырын келіссөз және тәртіп мәселесі

Sky Sports инсайдері Каве Солеколдың айтуынша, Маресканың қызметтен кетуіне тағы бір себеп — оның "Манчестер Сити” өкілдерімен байланысқа шығуы. Оның үстіне, "Борнмутпен” болған ойыннан кейін баспасөз мәслихатына келмеуі жағдайды одан сайын қиындатты. Клуб ішіндегі атмосфераны бұзып, басшылықпен ашық ерегіске баруы оның тағдырын шешіп тастады.

Ендігі кезек кімде?

Қазіргі уақытта команданы даму тобының бапкері Калум Макфарлайн жаттықтыруда. Ал келесі негізгі үміткерлер ретінде мына есімдер аталуда:

1. Лиам Розениор: "Страсбургте" (BlueCo-ға тиесілі) жемісті еңбек етіп жатқан маманның мүмкіндігі өте жоғары.

2. Джон Терри: Жанкүйерлер клуб аңызына мүмкіндік беруді талап етіп жатыр. Терридің "Астон Виллада” тәжірибесі бар және қазір клуб академиясында жұмыс істейді. Бірақ Чемпиондар лигасы мен ТОП 4 үшін талас кезінде басшылық мұндай тәуекелге бара қоюы екіталай.

"Челсидің” жаңа қожайындары тұсында бапкерлердің орташа ғұмыры өте қысқа болып тұр. Ең ұзақ тұрақтағаны — Энцо Мареска (547 күн), ал Грэм Поттер небәрі 206 күн шыдаған.

Aladop.kz сайтының пайымдауынша егер клуб басшылығы бапкердің жұмысына, медициналық хаттамаларға және ойыншылардың тағдырына бизнес тұрғысынан араласуын тоқтатпаса, Стэмфорд Бридждегі бапкер ауыстыру "каруселі” ешқашан тоқтамайды.

Пайдакүнем командада Дастанның болашағы не болмақ?!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров