"Челсидің" бұрынғы шабуылшысы Крис Саттон Англия Премьер-лигасының осы маусымында соғылған голдар саны туралы айтты.
"Ағылшын премьер-лигасындағы қорғаныс деңгейі, қақпашылардың деңгейі сияқты қорқынышты. Трибунада көрермендердің болмағандығы себеп емес. Қорғаныс деңгейі күрт төмендеді. Егер "Астон Вилланың" стадионында көрермен болса, алғашқы қателігі Адриан үшін қаншалықты жаман болатынын елестетіп көріңізші», - деп келтіреді BBC Саттонның сөзін.
4 турдан кейін "Эвертон" 12 ұпаймен Англия Премьер-лигасында көш бастап келеді. Үздік үштік қатарына "Астон Вилла" (9) мен "Лестер Сити" (9) кірді. Ағылшын Премьер-лигасының соңғы турында "Астон Вилла" турнирдің қазіргі чемпионы "Ливерпульді' 7:2 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: FONBET