Ағылшын Премьер-Лигасындағы "ақсүйектер" сәтсіздігі Чемпиондар Лигасында да жалғасын тапты.
Лондондық "Челси" "Драгау" стадионында "Портуға" жеңілді. Португалдардың алғашқы таймдағы голына Англия чемпиондары жауап тапқанымен, екінші таймдағы голына нәтижелі соққымен жауап қата алмады. Ал, киевтік "Динамо" Тель-Авивте жергілікті "Маккабиді" 2:0 есебімен жеңді. Екі турдан кейін "Порту" мен "Динамо Киев" 4 ұпаймен топ бастап тұр. Үшінші орында еншісінде 3 ұпайы бар "Челси тұрса", "Маккаби" көш соңында.
Чемпиондар Лигасы. G тобы. 2-ші тур"Порту" 2-1 "Челси"
Голдар: Андре, 39', Майкон, 52' - Виллиан, 45+2'
"Маккаби" 0-2 "Динамо" Киев
Голдар: Ярмоленко, 4', Мораес, 50'