Лондондық клубтың скауттық бөлімі бүгін арнайы Шотландияға ат басын бұрды.
Олардың мақсаты «Селтик» - «Қайрат» арасындағы матчты тамашалап, Дастан Сәтпаевтың ойынын көру. Англиялық топ-команда өкілдері осы арқылы алматылық клубтың басты жұлдызының өнерін еуропалық деңгеймен салыстырып көрмек ниетте. Сондықтан, «Челси» өкілдері Глазгодадағы матчты жібермей, 17 жасар шабуылшының ойынына толыққанды талдау жасауды көздеп отыр. Сарапшылар Сәтпаевтың техникалық-тактикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық тұрғыдағы менталитетін сынап көрмекші. Англиялық мамандар Дастанның жанкүйерлер қысымынан бөлек, британиялық ойын мәнеріне бейімделуі мәселесіне де назар аударады делінген.
Айта кетейік, ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы кездесу бүгін 23:15-те басталады. Ал жауапты ойын 26-тамызда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET