Жарнама
Жарнама

“Челсиге” қосылу аздық етеді – Өзбекстандық инсайдер шындықты айтты

Бүгін, 16:29

Қазақстандық талант Дастан Сәтпаевтың “Челси” сапына қосылатын күні жақындаған сайын, футбол сарапшыларының пікірталасы қызып тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Белгілі өзбекстандық инсайдер Назрулла Сайдуллаев Sports.kz порталына берген сұхбатында Дастанның Ағылшын Премьер лигасындағы болашағына қатысты өз болжамын жасады.

Сайдуллаевтың пайымдауынша, Сәтпаевтың Еуропа футболына бейімделуіне мүмкіндігі зор, алайда әлемнің ең қиын чемпионаты саналатын АПЛ-дың өз талаптары бар. Инсайдер жас шабуылшының басты тұсауы не болуы мүмкін екенін ашып айтты.

“Дастан Сәтпаев Еуропада емін-еркін ойнап кете алады. Бірақ АПЛ — бұл мүлдем басқа деңгей. Оған физикалық тұрғыдан өте қатты қосу керек.” — деп ескертті маман.

Естеріңізге сала кетейік, екі клуб арасындағы тарихи келісім 2025 жылдың ақпанында жасалған болатын. Дастан Сәтпаев алдағы жазда Лондондық “Челси” сапына толыққанды қосылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров