27 жастағы Се Тин Қазақстан әйелдер чемпионаттарында өнер көрсететін Қытай Халық Республикасынан шыққан тұңғыш ойыншы болмақ. Ол бұған дейін Қытайдың "Ухань Цзяньда" және "Шэньси Чанъань" клубтарында ойнаған, сондай-ақ Испанияның "Гранада" клубында да тәжірибе жинаған.
Се Тиннің келуі клубтың чемпиондық жолындағы мүмкіндігін арттыруы тиіс. Әйелдер арасындағы Қазақстан Премьер лигасының 11 турынан кейін "БИИК-Шымкент” 31 ұпаймен бірінші орында тұр. Дәл осынша ұпай жинаған басты қарсыласы "Ақтөбе” клубы қосымша көрсеткіштер бойынша ғана олардан төмен екінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET