Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы. Бапкерлер бәйгесі

12.04.2014, 04:00
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасының жартылай финалына жеткен төрт команда да төрт тұрманы түгел, тартыстан тартынып қалмайтын бүгінгі күннің бір егей ұжымдары. "Реал Мадрид" мен "Баварияның" аз ғана басымдылығын айтпағанда бұл төртеуінің қай- қайсысы да чемпиондыққа лайықты. Ал енді бұлардың бапкерлері туралы әңгіме өз алдына. Олай дейтініміз, бұлардың  Симеонеден басқа үшеуі Чемпиондар лигасының чемпиондық атағына бұдан бұрын бірқанша мәрте қол жеткізген. Атап айтар болсақ, Моуриньо бұл атақты екі мәрте бағындырған болса; Гвардиола үш рет (біреуінде ойыншы ретінде); Анчелотти төрт рет( екеуі ойыншы кезінде) осы биіктен көрінген екен. Жозе Моуриньо Естеріңізде болса, Жозенің жеңісті жолы ертегілердегідей ерекше басталды. Бапкерлік жолды жаңа бастаған жас маман "Портудың" тізгінін ұстаған бірнші жылдың өзінде-ақ, үш жыл бойы чемпиондық атақтан құралақан жүрген командамен Хет-трик жасағаны кереметтің кереметі деп бағаланған. (Португалия лигасы, Португалия кубгы, Еуропа лигасы)  Ол әлемді таңдандырудан келесі жылы да жалыққан жоқ. Ешкім елеп-ескермеген "Портуды" бастап 2003/04 жылғы Чемпиондар лигасының чемпионы атанды. Осы жолда ол айгілі "Манчестер Юнайтет" пен сол кездің саңылақтарының бірі "Депортивоны" жолдан тайдырды. Бұндай ерліктерге бара білген португалиялықтарға финалда "Монаконың" мойынын қайыра салу қиын болған жоқ. Бұл жеңіс Моуриньоның ат-атағын алты құрлыққа әйгілі етті. Осыған пара-пар ерлікті португалдық маман 2010 жылы да қайталады. Өзінің "Интермен" өткізген екінші жылында жетуге болатын жеңістің бәріне жетті. Чемпиондар лигасының жартылай финалында сол кездің "сұрқылтайы", бір жыл бұрын алты құрлықтан алдына жан салмай алуға болатын алты бірдей чемпиондық атақты қи сыпырған "Барселонаның" бағын байлағанының өзі неге тұрады. Сол жолы Жозе қайталанбайтындай ғажап тәктика қолдана білді. Оның озық тәктикасына қарсы жауап таба алмаған Гвардиола командасы Миланнан 3:1 есебімен жеңіліп қайтты. Моуриньо қарымта кездесуде 70 минут бойы 10-ақ ойыншысымен жаңбырдай жауған шабуылдармен жағаласа жүріп "Барселонаға" бірінші ойында жіберген қателіктерін түзеуге мүмкіндік берген жоқ. Ал финалда ол сол кезде ортан қол команда саналатын "Баварияны" қалпақпен-ақ ұрып ала салған. Сол жылы "Интер" өз тарихында тұңғыш рет бір жылда алуға болатын үш бірдей кубкқа қол жеткізген болатын Хосеп Гвардиола 1990- жылдардағы Испанияның үздік жартылай қорғаушыларының бірі саналатын Гвардиола өзінің футболшылық жолының көбін "Барселонада" өткізді. Футболшылық мансабын аяқтаған соң бапкерлік сапарын да осы арадан бастады. 1992 жылы Гвардиола  ойыншы ретінде "Барселонаның" Чемиондар кубгын жеңіп алуына өз үлесін қосты. Бұл Каталондық команданың тұңғыш реткі чемпиондар лигасын ұтуы болатын. 2008/09 жылы Хосеп өзінің бапкерлік сапарын бастаған бірінші жылдың өзінде көптеген бапкерлер бір өмір бойы жете алмайтын жетістіктерге жетті. Сол жылы Гвардиоланың бастауында "Барселона" Испания лигасының, Испания Кубгының, Испания Супер кубгының, Чемпиондар лигасының, Еуропа супер кубгының және клубтар арасындағы әлем чемпионатының чемпионы қатарлы алты бірдей атаққа қол жеткізіп, бір жылда жетуге болатын жетістіктің бәріне жетті. 2010/11 жылығы чемпиондар лигасында оның командасы финалға жетті. Қарсыласы екі жылдың алдында өздері жеңіп чемпион атанған "Манчестер Юнайтет" болатын. Хосептің қолбасшылығында барселоналықтар білгенінен жаңылған жоқ. 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ келесі жылы Гвардиоланың жолы былтырғыдай даңғыл бола қоймады, жартылай финалда Ди Маттео бастаған "Ақсүйектер" алдын орап кетті. Осыдан соң Каталониядағы сапарын аяқтаған испандық маман бір жылдан соң кезіндегі өзінің "Барселонасы" секілді атағы дүрілдеп тұрған "Баварияның" тізгінін ұстады. Жетер атақтарына жетіп болған Немістер Гвардиолаға қолда барды төкпей-шашпай чемпиондық атақты қорғап қалуға тапсырма берген болатын. Өз міндетін жақсы білетін ол ел біріншілігіндегі чемпиондық атақты тым-тым ерте шешіп тастады. Енді оның көздегені чемпиондар лигасы, жалпы жанкүйерлер де жіліктің майлы басы "Баварияның" қолында деп жүр. Олай дейтіні, мюхендік команданың бүгінгі қуаты жартылай финалға жеткен командалардың қай-қайсысынан да мығым. Карло Анчелотти Біз сөз етіп отырған төрт маманның ішінде жасы жағынан болсын, тәжрибесі жағынан болсын, ат-атағы жағынан болсын ең үлкені осы-италиялық бапкер.  1989, 1990 жылдары "Милан" командасының сапында қатарынан екі жыл чемпиондар лигасының чемпионы атанған болатын. Бір айта кетерлік жайт, "Милан" командасы ЧЛ-да қатарынан чемпиона болған ең соңғы команда. Осы жылдан соң әзірге дейін бірде-бір команда бұл атаққа жете алмай келеді. Егер биыл "Баварияның" жолы болса 24 жылдан кейін бұл жетістікті қайталаған команда болмақ. 2001 жылы бас бапкер ретінде "Миланның" тізгінін ұстаған Анчелотти 2002/03 жылы чемпиондар лигасын бағындырды. Ел біріншілігіндегі нәтижесінің төмен болғанна қарамастан сол жылы Карлоның командасы ЧЛ-да ерлік жасады. Ілгерінді-кейінді "Бавария", "Депортиво", "Реал", "Боруссия Д", "Аякс" және өзінің "қанды көйлек бауыры"  "Интер миланды" айналып өткен олар финалда тағы бір отандастары "Ювентуспен" жолықты. Ойын барысында жеңімпаз анықталған жоқ,  ал пеналти сериясында 3:2 есебімен Анчелотти командасы басым түсті 2005 жылы финалда "Ливерпулдан" ұтылып қалған  "Қызыл Милан" 2007 жылы қайтадан ақтық мәреге жетті. Қарсыласы тағы да англиялық "қызылдар" болатын. Соңында, Карло бастап ,Кака қостаған миландықтар екі жылдың алдындағы "Ыстамбул өкінішін" қайталаған жоқ, Индзагидің екі голының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл "AC Миланның" жетінші, Карло Анчелоттидің төртінші чемпиондығы болатын. Жартылай финалдың жеребесі де тартылып қойды. Төрт команданың, төрт бапкердің қайсысы жеңіске жетеді? Ана үшеуі өз жетістіктеріне жаңа бір жеңіс қосама? Жоқ, жуастан жуан шығарып жүрген  Диего Симеоне өз өміріндегі алғашқы қалқаң құлақ кубкке қол жеткізе ме? Біз бен сізді қызықтырған осы болып тұр.. Қуанышхан ӨМІРХАН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров