Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасы. Бүгін болатын матчтар

20.08.2015, 01:07
Жарнама
Жарнама
Уефа Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің аясында бүгін тағы бес ойын жоспарланып отыр. Бес жұп алғашқы кездесулерін өткізетін болады. Бірнеше жылдан бері Украина чемпионы атанып, жыл сайын топтық кезеңге топ етіп түсіп жүрген донецкілік "Шахтёр" биыл ішкі біріншілікте "Динамоға" жол берген еді. Соның салдарынан команда топтық кезеңге өтуі үшін бір өткелектен өтуі тиіс. Украиналық ұжымның жолын бөгеуге Австрияның "Рапиді" тырысып бақпақ. "Рапид" 2015/2016 футбол маусымын өте сәтті бастады. Австрия чемпионатындағы алғашқы төрт ойында қарсылас шыдатпай, соңғы "Штурмға" қарсы кездесуде ғана қарқының бәсеңдеткен-тұғын. Ал, Чемпиондар Лигасында тіпті айы оңынан туып тұр. 3-ші іріктеу кезеңінде "Аякстың" аяғынан шалып, Еуропа Лигасының топтық турниріне аттандырған еді. Командада жарқын жұлдыздар жоқ. Дегенмен, бұрын "Баварияның" намысын қорғаған Штеффан Хоффман мен голдарды қарша борататын Беричті атап өтуге болады. Мирча Луческудің командасы болса, плей-офф кезеңіне шығу үшін "Фенарбахчені" жолдан тайдырды. Алайда, команданың ішкі біріншілікте ойыны жүрмей-ақ тұр. Киевтің "Динамосын" чемпионат басталғалы бар болғаны бес тур өтсе де, бес ұпайға ұзатып алды. Бірақ, "Шахтёр" топтық кезеңге қиналмай өтуі тиіс дейді мамандар. Бүгінгі күннің барлық кездесулері Астана уақыты бойынша 00:45-те өтеді. "Рапид"Вена(Австрия)-Шахтёр(Украина) "Валенсия"(Испания)-"Монако"(Франция) "Сельтик"(Шотландия)-"Мальме"(Швеция) "Базель"(Швейцария)-"Маккаби Т-А"(Израиль) "Скандербеу"(Албания)-"Динамо Загреб"(Хорватия) Кешегі ойындардың нәтижелері: "Астана"(Қазақстан) — "АПОЭЛ"(Кипр)  1:0 (1:0) Гол: Жолшиев 14 (1:0) "Спортинг" (Португалия)— "ЦСКА"(Ресей) 2:1 (1:1) Голдар: Гутьеррес 12 (1:0), Думбия 40 (1:1), Слимани 82 (2:1). "Манчестер Юнайтед" (Англия) — "Брюгге" (Бельгия) 3:1 (2:1) Голдар: Кэррик 8 (автогол) (0:1), Депай 13 (1:1), Депай 43 (2:1), Феллайни 90+4 (3:1) "Лацио" (Италия) — "Байер" (Германия) 1:0 (0:0) Гол: Кейта 77 (1:0) "БАТЭ" (Белорусь) — "Партизан" (Сербия) 1:0 (0:0) Гол: Гордейчук 75 (1:0)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров