Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасы. Бүгін мега-сенсация. "ЦСКА" плэй-оффтан үмітті

06.11.2014, 10:23
Жарнама
Жарнама
Ешқашан ешқандай команданы ерте жерлеуге, немесе керісінше матч алдында бір командаға жеңісті ойша "сенімді" бере салуға болмайды. Бұл-футбол! Ол болжалған емес, адамның болжамына көнбейді де. Көнсе көнер арасында, бірақ, бүгінгідей адамды шалқасынан түсірер тосын сый сыйлаған кезде өзінің болжамсыз екеніне де көндіретін жайы бар. Англия чемпионын өз алаңында, "ЦСКА" осындай дәрменсіз күйге түсіреді деп кім ойлаған. Екі апта бұрынғы Мәскеудегі ойындағы тең нәтижені, "Манчестер Ситидің" өз жеңісіне ерте сеніп, босансуымен түсіндірген мамандар. Ал бүгінгі жағдай ше? Әрине, бірінші таймның бірінші жартысында жаман ойнады дей алмаймыз. "Қалалықтардың" мақтанар бөлігі осы ғана. Ойынның басында стандартты жағдайдан гол жіберіп алғанымен, шабуылға лап қойып Яя Туренің шебер орындаған айып соққысынан кейін есепті теңестірді. Одан кейін де екінші голды салатындай мүмкіндіктер болды... Бірақ, 34-щі минутта Клишидің қателігінен кейін, Думбия дубль жасап қонақтарды тағы алға шығарды. Екінші таймда Пеллегрини жағдайы қалыпқа келтіруге тырысқан. Оны алаңға тыңнан ойыншалыр қосуынан да аңғаруға болады. Бірақ, футболшыларға не болғаны түсініксіз. Сылбырлық, ойда идея жоқ, кәдімгі қарапайым пастар, көп қателесу, керек емес тәртіп бұзулар. Шабуылды өз қолына алып, Агуэроны пастармен қамтамасыз етер-ау деген Насри, алаңда "еріп" кетті. Ақырында футболышылардың жүйкелері сыр беріп, Фернандиньо мен Яя Туре алаңнан қуылды. Оның бәрі, талас кезінде абайсызда туған фолдар емес, дәрменсіздік, шарасыздықтан туған фолдар еді. Мүмкін, төрешіге айтар шағымдар да бар шығар. Жоқ, қызыл қағаздарға байланысты емес, пенальтиге қатысты. Анығы, белгіленбеген пенальтилерге байланысты. Бірінші жағдайда ешқандай дау жоқ. Агуэро өзі-ақ ерте құлай бастады, симулация жасады. Ал, екіншісінде пенальти-тұғын. Динамикада анық көрінген болатын. Дегенмен де, жеңілістің аты жеңіліс. Ал, "ЦСКА" өзінің қайсар команда екенін көрсетті. Бірінші орынды "Бавария" сақтандырып қойғаны түсінікті. Ал, неге екінші орынға таласып көрмеске. Өз алаңында "Романың" сағын сындыруға болады. Соңғы турда, плэй-офф жолдамасын шешіп қойған "Бавариямен" қонақта тең нәтижеге қол жеткізуге неге болмасқа? Сөйтіп, өлім тобынан шығып жатса, талай-талай скептиктердің жүзін жерге қаратар еді. Манчестер СитиЦСКА 1:2(1:2) Голдар: Туре, 8 — Думбия, 2, 34 Күтілгендей-ақ "Бавария" "Ромадан" басым түсті. Римнің төрінде тас-талқан болған "Рома", мюнхендіктерге ашулы екені белгілі, есе қайтарамыз деп келді. Бірақ, оған өзге түгіл өздері де сенбеген болуы керек. Мына "Бавариядан" "Альянс-Аренада" ұпай тартып алуы қиынның қиыны. Әр таймда бір-бір голдан тоғытқан Гвардиола шәкірттері келесі кезеңге жолдама алды. «Бавария» вновь сильнее «Ромы» Бавария-Рома 2:0(1:0) Голдар: Рибери, 38, Гётце, 64  
1   БАВАРИЯ 4 4 0 0 11-1 12
2   РОМА 4 1 1 2 7-11 4
3   ЦСКА 4 1 1 2 5-9 4
4   МАНЧЕСТЕР СИТИ 4 0 2 2 4-6 2
"Блауграна" "Аяксқа" қонаққа барды. Луис Энрике командасы соңғы екі ойында жеңіліс тауып, әлі де "Барселона" идеалды команда емес екендігі байқала бастаған. Негізі бүгінгі ойында да соны айқындады. Иә, жеңіс. 3 ұпай қоржында. Нәтижеге қуануға болады, ал ойын жағына келгенде.. Бәрі керемет емес. Бүгінгі ойын тағдырын Мессидің шеберлігі шешті десек қателеспесбіз. Жарайды, "Барсаның" проблемасы қаншалықты деңгейде екенін келесі ойындар көрсете жатар. Бүгін олар плей-оффқа жолдама алды. Қай орынмен шығары, Католониядағы "ПСЖ"-ға қарсы ойынның нәтижесі көрсетпек. «Барса» не позволила «Аяксу» преподнести новый сюрприз АяксБарселона 0:2(0:1) Голдар: Месси, 36, 76 "ПСЖ" жаяу жүріп-ақ "Апоэлдан" басым түсті. Ойынның екінші минутында салынған Каванидің гол 3 ұпайды еншілеуге жеткілікті болды. Бұл топта бәрі түсінікті. Түсініксізі, бірінші орын кімге бұйырады, және Еуропа Лигасының жолдамаса "Аяксқа" бұйыра ма, "Апоэлға" ма дегендей. ПСЖ-АПОЭЛ 1:0(1:0) Гол: Кавани, 1 — 1:0.
1   ПСЖ 4 3 1 0 6-3 10
2   БАРСЕЛОНА 4 3 0 1 8-4 9
3   АЯКС 4 0 2 2 3-7 2
4   АПОЭЛ 4 0 1 3 1-4 1
Келесі топта "Челси" қонаққа "Мариборға" барып тең түсті. Бұл да кішігірім сенсация. Екінші таймның басында гол жіберіп, кейін Матчитің көмегімен жауапты голды тоғытып, ойын аяғында 3 ұпайды алатындай мүмкіндік болған "ақсүйектерде". Бірақ, Эден Азар пенальтиден қақпашыдан айласын асыра алмады. «Марибор» сумел отобрать очки у «Челси» МариборЧелси 1:1(0:0) Голдар: Ибраими, 50 — Матич, 73 СпортингШальке 4:2(1:1) Голдар: Слимани, 17 — 0:1 (өз қақпасына), Саар, 26 — 1:1, Жефферсон, 52 — 2:1, Нани, 72 — 3:1, Аого, 88 — 3:2, Слимани, 91 — 4:2.
1   ЧЕЛСИ 4 2 2 0 9-2 8
2   ШАЛЬКЕ 4 1 2 1 8-9 5
3   СПОРТИНГ 4 1 1 2 8-8 4
4   МАРИБОР 4 0 3 1 3-9 3
ШахтерБАТЭ 5:0(1:0)
Голдар: Срна, 19 — 1:0, Тейшейра, 48 — 2:0, Л.Адриано, 58 — 3:0 (с/п), Л.Адриано, 83 — 4:0, Л.Адриано, 93 — 5:0.
АтлетикПорту 0:2(0:0)
Голдар: Мартинес, 55 — 0:1, Браими, 74 — 0:2.
1   ПОРТУ 4 3 1 0 12-3 10
2   ШАХТЕР 4 2 2 0 14-2 8
3   БАТЭ 4 1 0 3 2-19 3
4   АТЛЕТИК 4 0 1 3 2-6 1
  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров