Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы белгілі болды

23.10.2021, 01:59
Замбиялық шабуылшы бұл аптада покер жасады.
Жарнама
Жарнама

"Аякс" клубының жартылай қорғаушысы Дэйли Блинд Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.

Сейсенбі күні Блинд "Аякске" өз алаңында "Боруссия Дортмундты" 4:0 есебімен жеңуге көмектесті. Дэйли бұл матчта бір гол мен бір нәтижелі пасты өз атына жазды.

Голландиялық қорғаушы бұл сыйлыққа талас кезінде "Ливерпуль" қақпашысы Алиссон Беккерді, "Зальцбургтің" жартылай қорғаушысы Ноа Акафор мен лиссабондық "Спортинг" клубының қорғаушысы Себастьян Коатестен озып кетті.

"Лестер Ситидің" 23 жастағы шабуылшысы Патсон Дака Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы деп танылды. Замбиялық шабуылшы мәскеулік "Спартак" қақпасына төрт гол соққан болатын.

Сыйлық үшін күресте ол "Вест Хэм Юнайтедтің" 24 жастағы қорғаушысы Исса Диопті, "Наполидің" 30 жастағы шабуылшысы Лоренцо Инсиньені және 29 жастағы "Лион" шабуылшысы Токо Экамбиді артқа тастады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров