Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы. Нағыз тартыс алда

18.02.2015, 16:27
Жарнама
Жарнама
Араға екі ай салып, ұзақ күттіріп УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындары, 2015 жылдағы алғашқы матчтары өтті. Парижде «ПСЖ» мен лондондық «Челси» күш сынасты, ал Украинаның Львов қаласында донцкілік «Шахтер» мен мюнхендік «Бавария» теке-тіресті. Біз асыға күткен қос матч та жеңімпазды анықтап бермеді. Кейбір мамандар «Бавария» Львов қаласында-ақ ширек финалдың жолдамасын қалтасына салып алады деген-ді. Олай болмай шықты, «кеншілер» өз жерінде азулы «Бавариямен» тең түсіп, ерлік жасады. Есеп – 0:0. Хосеп Гвардиола баптайтын команда қашан да өз алаңында өтетін матчтарға күш салады. Ал «ПСЖ» өз алаңында «Челсиді» ұта алмай, жағдайын тым қиындатып алды. Өйткені екі аптадан кейін «Стэмфорд Бриджте» оңайға соқпас. Екеулеп жүріп әр таймда бір-бір голдан соққан қос қарсылас 1:1 есебімен тең тарқасты. Үзіліске дейін Джон Терри, Тим Кэхилл және Бранислав Иванович триосы жасаған шабуыл соңғысының баспен гол соғуымен аяқталды. Алайда екінші таймда Эдинсон Кавани де өзінде бар мүмкіндікті мүлт жібермей, таразы басын теңестірді. Әйтсе де, алаң иелерінің бұдан әріге шамасы жетпеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров