Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасы: «Олимпия» өз алаңында жеңіле ме?

08.07.2025, 17:46

Бүгін Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде алматылық «Қайрат» сырт алаңда жергілікті «Олимпияны» жеңуге тырысады. Осы орайда Словения командасының өз стадионындағы статистикасын назарларыңызға ұсынамыз.

Жарнама
Жарнама

Астана уақытымен 22:00-де Словения астанасы Люблянада басталатын «Олимпия» - «Қайрат» матчы алдында кішігірім тарихына назар аударсақ.

«Олимпия» өткен жылы Словения чемпионы атанғанын көпшілік біледі. Олар өз алаңында 18 матч өткізіп, 12 жеңіс, 4 тең және 2 ғана жеңіліс тіркеген. Сондай-ақ, өз стадионында небәрі 8 гол өткізген. Бұл команданың қорғаныс шебі мықты дегенді аңғартады.

2024 жылғы еурокубок додасында да словениялықтар «Стожице» стадионында біршама қарсыластардан ұпай алған. Нақтырақ айтсақ, өз алаңындағы 7 ойында небәрі бір рет қана «Серкль Брюгге» (Бельгия) есе жіберген. Ал қалған 6 ойында өз қақпаларына мүлдем гол кіргізбеді. Алматылықтардың шабуыл шебінде мықты ойнаса да, бұл статистика жанкүйерлерді қуантпайтыны анық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: