Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасы. Ширек финал алдыңдағы ой

14.04.2015, 19:43
Жарнама
Жарнама
Әлемнің үздік клубтық турнирі де, топ-чемпионаттар секілді өз мәресіне таяп келеді. Жол ұзақ, әрі қысқа. Мықтылықты, айлакерлікті, сәттілікті серік еткен 8 ұжым бүгін-ертең ширек финалдағы алғашқы кездесулерін өткізгелі отыр. "Аладоп" сайты әдеттегідей сараптамалық-шолу жасап, ширек финал жұптарынан не күтетінімізді баяндап, онымен қоса кішігірім болжамын да ұсынбақ.  "ПСЖ"-"Барселона" 15-ші сәуір. "Парк де Пренс" стадионы. 00:45 Екі ұжым бір-біріне еті үйренді. Париж бен Барселонаның текетіресін көруіміз жиіледі. Бірақ, соңғы жылдары екі ұжым да шын мықтыны анықтай алмай келеді. Біреу толықтай басым болды деп айту қиын. Алдыңғы маусымның дәл осы кезеңінде жолығып, Франция астанасында 2:2 есебі тіркеліп, Католонияда тартысты ойын 1:1 аяқталып, қонақта бір гол артық салуына байланысты жартылай финалға "блауграна" жолдама алғаны есімізде. Ал, осы маусымның топтық кезеңінде де жолдары түйісіп, бір ойында "ПСЖ", бір ойында "Барселона" жеңіс тойын тойлаған еді. Сонымен, осы маусымның өзіңде командалар үшінші, төртінші мәрте жеңісті сарапқа салғалы тұр. Златан бастаған "ПСЖ" Францияға өкпелі. Швед футболшысын федерация, француз халқына сөз тигізді деген айыппен төрт ойынға алаңнан шеттетті. Лоран Блан да, команданың жетістіктерін адамдар қызғанады деп, батыл сөйлеген еді. Бірақ, бастысы жан-жақтан жасалған қысымға қарамастан, команда осындай қиын сәтте, алаңда да , алаңнан тыс та шашырамай, керісінше нәтиже мен тамаша ойын өрнегін көрсетіп жүр. Чемпионатта көш бастады, жексенбі күні финалда "Бастияны" талқандап, Француз кубогін жеңіп алды. Бірақ, "Барселона" да бүгін өз қалпында. Шабуылдағы үштіктің ойын өрнегінен ләззәт аласың. Месси де, осы жылы Роналдудан алтын допты тартып алуға шындап кірісті. Команда Премьерада "Реалдың" жарты жылға созылған көш бастауынан кейін, жеке кездесуде басым түсіп бірінші орынды тартып алды. Париждің бір соры-Лондонда жазықсыз алаңнан қуылуынан кейін, Златанның ойынға қатыса алмауы. Әрине, естеріңізде болса, топтық кезеңде Ибрасыз ақ, католондықтарды өз алаңында тізе бүктірген еді. Бірақ, біріншіден топтық кезең мен плей-офф екі бөлек, екіншіден ол "Барса" мен бүгінгі "Барсаны" салыстыруға келмес. Онымен қоса, бұл матчта тәжірбие де үлкен рөл атқарады. Болжам: 1:2 Мадридское дерби, Ибрагимович против «школьников» и другие итоги жеребьевки 1/4 ЛЧ "Порту"-"Бавария" 15-ші сәуір. "Драгау" стадионы. 00:45 "Порту" тағы трансфер базарында мол олжаға кенелді. Футболшыларды футбол әлеміне түсініксіз бағамен бағалайтын "Реал Мадрид", қорғаушы Данилоға үшін 30 миллион еуро беруді ұйғарыпты. "Порту" үшін бәрі өз жоспарымен. Таланттарды тәрбиелеп қымбат бағамен топ-клубтарға таратады. Әрі команданың деңгейін де сақтап отырады. Португалияда чемпиондыққа талас, Чемпиондар Лигасында топтан шығу олардың жылдағы әдеті. Артық керек те емес. Бұл қалыптасқан философия. Бұл жылы қалыпты, үйреншікті межеден артық көрсеткіш көрсетті. Чемпиондар Лигасының ширек финалына шықты. "Бавария" бүгін машина ғана емес, нағыз бронетранспортер. Бірақ, оның өзі анда-санда сыр беріп тұрады. Бундеслигада команда 5-6 турда бір мәрте жеңіліп тұратыны бар. Чемпиондыққа ерте қол жеткізген ұжымның босаңситын әдеттегі әдеті. Бірақ, бар ойы Чемиондар Лигасын жеңіп, былтырғы масқараны жуып -шаюды ғана ойлайтын Гвардиола командасы "Портуды" қиналмай өтуі тиіс. Болжам: 0:2 Мадридское дерби, Ибрагимович против «школьников» и другие итоги жеребьевки 1/4 ЛЧ "Ювентус"-"Монако" 14-ші сәуір. "Ювентус" стадионы. 00:45 Қарсыластар жеребеге іштей риза деген осы. "Ювентустың" көзқарасында "Монако" өткен кезеңде сәттілікпен мықтап достасып, жетер жеріне жеткен ұжым. Сағын сындыру қиын емес. Ал, "Монаконың"көзқарасында, Италия елінің жалғыз өкілі осы командалардың ішінде осал екі команданың бірі. Еурокубокте тәжірбиесі аз, Италян чемпионатында бәсекелестің не екенін ұмытқан, қарсыластың қырсықтығына шыдамайтын, "кәрі құрлық" үшін ортаң санаттағы команда. Екеуі де, бәлкім, дұрыс ойлар, бірақ түптеп келгенде екі команданың шама-шарқы тең. "Ювентустың" сенімді жеңісіне сенбеймін. Себебі, "Ювентус" чемпиондарының тарапынан чемпионға лайықты ойынды соңғы айда көріп жүрген жоқпын. Бұл жерде, бір жағдай ғана "Ювентус" пайдасына. "Кәрі сеньора" да, "Бавария" секілді ішкі біріншілікте алтынды алып қойды, енді бар ойы қалайда Еуропаны дүрліктіру. Ал, "Монако" Чемпиондар Лигасымен қатар, ішкі біріншілікті де қатар ойлайды. Себебі, команданың мақсаты-келесі маусымда да дәл осы турнирге қатысу. Әрине, ол үшін Чемпиондар Лигасын жеңе алмайды, сол үшін қалай да болмасың маусым аяғында чемпионатта үштікке ену. Басты қарсылас "Марсель" секілді, қосалқы құрамда тәжірбиелі футболшылар көп емес, сондықтан чемпионаттың аяғына күш сақтау керек. Француздық команда осылай екі ойлы күйде. "Монако" осы кезеңде жарыс жолын тоқтатса да өкінбейді. Себебі, еурокубоктегі жоспарын артығымен орындады. Дәлелдейтінін дәлелдеді. Фалькао, Хаместерсіз де ұзаққа шабуға болатынын көрсетті. Француздық команда "Ювентуспен" текетіреске бар күшін салар, бірақ ой-ын емес. Сондықтан бұл жұптан келесі кезеңге сүрініп-қабынып италиялық ұжым өтуі тиіс. Болжам: 2:1 фото Getty Images "Атлетико Мадрид"-"Реал Мадрид" 14-ші сәуір. "Висенте Кальдерон" стадионы. 00:45 Былтырға дейін Испанияда "Реал Мадридтің" мазасын алып, құтын қашыратын "Барселона" ғана болса, енді Испанияда ғана емес, өз қаласында үстемдік орнатуға тырысатын "Атлетико" пайда болды. Финалдан кейін, Симоненің көз шығарып, бас жаратын жігіттері 6 ойында 2 мәрте тең түсіп, 4 рет қапыда қалдырыпты. Соңғысы естен кетпейтін 4:0! Дауым жоқ, "Атлетико" былтырғымен салыстырғанда осал. Чемпионға таластан ерте "бас тартты". Бірақ, "Реал" деген атауды естісе Симоненің қасқырлары жемтігін көргендей құтыратынын жақсы білеміз. Сондықтан, бүгінгі "Реалдың" жайы қалай, "Атлетиконың" нәтижелері көңілге қонымды ма дегенге үңілгім келмейді. "Матрасниктер" былтырғы финал үшін ашулы, "патшалық клуб", әсіресе қаңтардағы масқара үшін ашулы. Екі команда да алғашқы кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ бір-бірін асауға тырысады. Ал, дәл осы Мадридтегі шайқасқа бүгін КТК арнасының тікелей эфирінде, сағат 00:45-те куә бола аласыздар. Болжам: 1:1   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ          
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров