Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасы. Жеребе қорытындысы белгілі болды

15.12.2014, 22:47
Жарнама
Жарнама
Бүгін Францияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасы 1/8 финалында кездесетін командалар жеребе тарту кезінде белгілі болды. Былтырғы маусымның чемпионы "Реал Мадрид" "Шалькемен" кездесетін болса, финалда күш сынасқан тағы бір мадридтік команда "Атлетико" Германияға "Байерға" қонаққа барады. Қызық жәйт, былтыр ғана дәл 1/8 финалда кездескен "Манчестер Сити" мен "Барселона", бұл маусымда да дәл осы кезеңде ширек финалдың жолдамасын сарапқа салатын болады. Ал, жартылай финалда жолдары түйіскен "ПСЖ" мен "Челсиға" бұл маусымда да кездесу бұйырыпты. Ал, Гвардиоланың "Бавариясына" мүмкін болған қарсыластардан ең осалы түсті десек те болады. "Бавария" украиналық "Шахтермен" кездеседі. Сонымен, жеребе қорытындысын назарларынызға ұсынамыз: ПСЖ(Франция)-Челси(Англия) Манчестер Сити(Англия)-Барселона(Испания) Байер 04(Германия)-Атлетико Мадрид(Испания) Ювентус(Италия)-Боруссия Дортмунд(Германия) Шальке 04(Германия)-Реал Мадрид(Испания) Шахтер Донецк(Украина)-Бавария(Германия) Арсенал(Англия)-Монако(Франция) Базель(Швейцария)-Порту(Португалия) 1/8 финалдың бірінші ойыны 17-18 ақпанда өтсе, қарымта ойындар 23-24 ақпанда өтетін болады. Финалды Берлиндегі "Олимпиаштадион" қабылдайды.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров