Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасында алаңға шыққан тарихтағы ең жас ойыншы Макс Доуман

05.11.2025, 22:10

“Арсеналдың” жас шабуылшысы Макс Доуман Чемпиондар лигасының тарихына енді. 

Жарнама
Жарнама

Ол “Славия Прагаға” қарсы матчта алаңға шығып, турнир тарихындағы ең жас ойыншыатанды.

15 жас 308 күнінде Доуман 16 жасқа толмай тұрып Еуропаның басты клубтық жарысында өнер көрсеткен алғашқы футболшы болды.

Доуман бұл маусымда “Арсеналдың” негізгі құрамында жиі көрініп жүр. Жазғы маусым алдындағы дайындықта өз әлеуетін дәлелдеген ол бас бапкер Микель Артета сенімін ақтап, маусымдағы бесінші ресми ойынына қатысып отыр.

Бұған дейін ол Премьер лига тарихындағы екінші ең жас ойыншы атанған еді — “Лидске” қарсы тамыздағы 5:0 есебімен аяқталған матчта алаңға шыққан. Ол бұл көрсеткіш бойынша тек командаласы Итан Нванериден ғана кейін тұр.

Доуман Чемпиондар лигасында бұрынғы рекорд иесі Юссуфа Мукоконың (16 жас 18 күн) жетістігін жаңартты. Сондай-ақ Ламин Ямал мен Селестин Бабайоро, Райан Шерки және Юри Тилеманс, Уоррен Заир-Эмери сияқты жұлдыздар да осы тізімнің алдыңғы қатарында.

Енді Доуманның алдында жаңа белес тұр — Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншы болу. Бұл рекорд әзірге Ансу Фатиге тиесілі (17 жас 40 күн).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров