Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасында дебют жасаған шабуылшы тарихи рекорд орнатты

Кот-д'Ивуарлық шабуылшы «Аяксты» жалғыз өзі алға сүйреуде.
Жарнама
Жарнама

"Аякс" "Бешикташты" (2:0) жеңіп, Чемпиондар лигасындағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Қос матчтың қаһарманы - 27 жастағы шабуылшы Себастьян Аллер болды, ол бес гол соғып, тарихи рекорд орнатты.

Осы жылдың басында Аллер "Вест Хэмнен" 22,5 миллион еуроға "Аяксқа" ауысты, бұл трансфер үшін Амстердамдық клуб рекордтық сома төледі. Кот-д'Ивуарлық шабуылшы екі маусымды "Вест Хэмде" өткізді, 54 ойында 14 гол соқты, бірақ тұтастай алғанда лондондық клубтың көңілінен шықпады. Өйткені, "Вест Хэм" оны "Айнтрахттан" 50 миллион еуроға сатып алған еді.

Нидерландыда шабуылшы өте керемет ойнай бастады. Эредивизияның алғашқы төрт кездесуінде Аллер екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бірақ қаңтар айында клубқа қосылған шабуылшы Еуропа лигасында ойнаған жоқ. "Аякс" клубтың әкімшілігі қателік жібергенін жариялап, ойыншыны Еуропа лигасының өтініміне қоспағанын хабарлады.

Аллердің өзі де бұл жағдай туралы өз ойын айтты: "Бір күні кешке маған "Еуропа лигасы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берме, біз бәрін шешеміз" деген хабарлама келді. Мен бұл не айтып жатыр деп ойладым? Шын мәнінде, бұл адами қателіктердің салдарынан болды: біреу қажетті түймені баспаған, біреу демалыста болған, ал тағы біреуі туған күнін тойлаған. Бірақ ереженің аты ереже", - деді "Аякс" шабуылшысы.

Еуропа лигасына қатыса алмағанына қарамастан, Аллер Голландия чемпионаты мен ел Кубогінде гол соғуды жалғастырды. Ол 23 ойында 13 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Ал екі апта бұрын "Аякс" шабуылшысы Чемпиондар Лигасында фантастикалық дебют жасады - "Спортингпен" болған матчта Себастьян покер жасады (5:1). Ол 1992 жылдың қарашасында шведтік "Гетеборгқа" қарсы Чемпиондар Лигасындағы бірінші ойынында "Милан" үшін покер жасаған Марко ван Бастеннің рекордын қайталады (4:0). УЕФА оның дебютін жоғары бағалап, Аллерді Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің бірінші аптасындағы ең үздік ойыншы деп таныды.


Бүгін Кот-д'Ивуарлық шабуылшы "Бешикташ" қақпасына кезекті голын соғып, турнир рекордын жаңарту арқылы тарихта қалды. Ол Чемпиондар Лигасындағы алғашқы екі матчында бес гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұған дейінгі үздік нәтиже ван Бастен, Дидье Дрогба, Диего Симеоне мен Эрлинг Холандқа тиесілі болды. Олар аталмыш турнирдің дебюттік екі матчында төрт голдан соқты.

Қазір Аллер тек Чемпиондар Лигасында ғана емес, Нидерланды чемпионатында жеті матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Егер шабуылшы осы қалпынан танбаса, онда қыста оны қайтадан еуропалық грандтардың қатарынан көруіміз әбден мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров