“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қатысуы үшін алатын сыйақы көлемі белгілі болды. Бұл туралы Еуропалық Football Meets Data талдамалық ресурсы хабарлады.
Аталған мәліметке сәйкес, Қазақстан чемпионына кемінде 20,5 миллион еуро төленеді. Бұл басқа клубтармен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіш. Бұған дейін клубтың топтық кезеңге шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,6 миллиард теңге) алатыны айтылған еді.
Базалық мөлшерлеме 18,62 миллион еуро. Бұған қоса, теледидарлық рейтинг пен соңғы 5–10 жылдағы Еурокубок көрсеткіштері есепке алынады.
Тізімнің көшін “Манчестер Сити” бастады Ағылшын алпауыты бастапқыда 64,3 миллион еуротабысқа ие болады. Жалпы алғанда, орташа деңгей 42,6 миллион еуро шамасында.
Айта кетейік, жалпы кезеңдегі бір жеңіс үшін клубқа 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге), тең ойын үшін 700 мың еуро (436 миллион теңге) төленеді.
Біздің серіктес: FONBET