2025/26 жылғы Чемпиондар Лигасынан бастап маңызды жаңартулар енгізу жоспарланып жатқаны белгілі болды.
1. Қосымша уақытты алып тастау
UEFA финалдық кезеңдердегі ойындарда қосымша 30 минуттық уақытты алып тастап, тең ойын болған жағдайда бірден пенальти сериясына өтуді талқылап жатыр. Бұл ойыншылардың жүктемесін азайту және кестенің тығыздығын реттеу мақсатында жасалып жатыр.
2. Топ 8 команданың артықшылығы
Лига кезеңінің алғашқы 8 орнына кірген командалар 16-шы кезең, ширек финал және жартылай финал ойындарының екінші матчын өз алаңында өткізетін артықшылыққа ие болады. Бұл жоғары нәтиже көрсеткен командаларға ынталандыру ретінде ұсынылады.
3. Бір елдің командалары арасындағы ойындарға шектеу
Келесі маусымнан бастап бір елдің командаларын ширек финалға дейін бір-бірімен ойнатпау талқыланып жатыр. Бұл ел ішіндегі жекпе-жектерді соңғы кезеңдерге қалдырып, халықаралық бәсекелестікті арттыру мақсатында қабылданып жатыр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET