Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының басты жаңалығына айналған футболшы «Интерге» ауыспақ

16.03.2022, 23:24
Шабуылшының өзі де Италияда доп тебуге қарсы емес.
Жарнама
Жарнама

Амстердамдық «Аякстың» шабуылшысы Себастьян Аллер мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Дереккөздің хабарлауынша, 27 жастағы футболшыға «Интер» қызығушылық танытып отыр. Миландық клубтың директоры Аллердің агентімен кездесіп, трансфер мәселесін талқылаған екен. «Аякс» шабуылшы үшін шамамен 35 миллион еуро алады деп күтілуде. Сондай-ақ Аллердің өзі де италиялық клубқа ауысқысы келеді.

Еске салайық, Аллер «Аякс» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда шабуылшы Голландия чемпионатында 23 матчқа қатысып, 19 гол мен 7 нәтижелі пасты өз атына жазды. Аллер 2020 жылдан бері Кот-д'Ивуар құрамасында өнер көрсетуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров