Еуропадағы футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының финалын Америка Құрама Штаттарында өткізу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің айтуынша, турнирдің финалын АҚШ-та өткізу УЕФА үшін қаржылық тұрғыдан тиімді болып отыр. Америкалық промоутерлер де АҚШ-та жылдың басты ойынын өткізуге қарсы емес. Олар тіпті УЕФА-ға тиісті ұсыныс жасап та үлгерген.
Айта кетейік, футбол тарихында Чемпиондар лигасының финалы Еуропадан тыс жерде ешқашан өткізілмеген.
Біздің серіктес: FONBET