УЕФА Украинадағы жағдайға байланысты Санкт-Петербургте өтетін Чемпиондар лигасының финалын басқа жерге ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Associated Press басылымы. Дереккөздің айтуынша, бұл шешім ұйымның Атқару комитетінің шұғыл отырысынан кейін хабарлануы тиіс.
Ресей мен Украина арасындағы қалыптасқан соңғы жағдайға байланысты УЕФА президенті Атқару комитетінің кезектен тыс отырысын өткізбекші. Жиналыс ертең, 25 ақпанда өтеді. Ұйым өкілдері жағдайды бағалау және барлық қажетті шешімдерді қабылдау үшін жиналады.
Бұған дейін төтенше жағдайға байланысты Ресей Премьер-лигасының 19-турындағы бірқатар матчтардың өтпей қалуы мүмкін екені хабарланған еді. Сондай-ақ елде әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты футболдан Украина чемпионаты тоқтатылды.
Біздің серіктес: FONBET