Жарнама
Жарнама

Чемпиондар Лигасының форматы өзгеруі мүмкін

20.10.2020, 14:49
Аталған турнирге тағы 4 команда қосылуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

УЕФА 2024/2025 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасының форматын өзгертуі мүмкін. Топтық кезеңге қатысушылар санын 32-ден 36-ға дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен қатар топтық кезеңдегі ойын форматын өзгерту туралы да екі нұсқа қарастырылып жатыр. Біріншісі - 36 команданы алты топқа бөлу. Әр команда 10 матчтан өткізеді, бесеуі үйде, бесеуі сырт алаңда.

Екінші нұсқа бойынша, әр клуб жүйе бойынша сәйкес келетін 10 түрлі қарсыласпен ойнайды. The Telegraph-тің хабарлауынша, екінші нұсқа көбірек қолдауға ие, өйткені ол топтық кезеңдегі үздік ойындар санын көбейтуге мүмкіндік береді, бұл ойынды қабылдайтын стадионға көп жанкүйериналады және теледидар құқығынан да пайда әкелетін болады. Соңғы шешім 2021 жылы қабылданатын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров