Биылғы маусымнан бастап Чемпиондар Лигасының маңызды кездесулерінің уақыты өзгереді.
Естеріңізде болса, бұған дейінгі еурокубоктің қызықты матчтарын қазақ жанкүйерлері сағат 00:00-де тамашалап келген болатын.
Биылғы маусымда болатын кездесулердің уақыты бұдан былай кешкі сағат 21:00-де басталады. Бұның барлығы кездесуді қабылдап жатқан клуб фанаттарының үйіне жылдам оралуы үшін жасалып отырған істердің бірі.
Одан тағысы, жанкүйерлердің қауіпсіздігін басты назарға ала отыра, УЕФА осындай қадамдарға жүгініп отыр.
Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының осы маусымында біздің елдің атынан алматылық “Қайрат” командасы өнер көрсетеді. Қазақстандық ұжым бүгін жеребе нәтижесіне сәйкес, өз қарсыластарын анықтайды.
Біздің серіктес: FONBET