Тарихта алғаш рет әйел төреші Чемпиондар лигасы матчының бас қазысы болып тағайындалды. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) сайтында хабарланды.
"Ювентустың" "Динамо Киевке" қарсы кездесуінде француз Стефани Фраппар қызмет етеді. Оған Хишам Закрани мен Меди Рамуни көмектеседі. Төртінші төреші Карим Абед болады. Бенуа Мийо VAR-да жұмыс істейді, ал Вилли Делажо оның көмекшісі болады. Барлық төрешілер Франциядан келетін болады.
Топтық кезеңнің бесінші турының ойыны 2 желтоқсан, сәрсенбіге жоспарланған. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.
Плей-оффқа жолдама алған "Ювентус" төрт турдан кейін тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. "Динамода" бір ұпай бар, киевтік команда үшінші орында.
Бұған дейін Фраппар 2019 жылғы "Челси" мен "Ливерпуль" арасындағы УЕФА суперкубогы матчында жұмыс істеген. 2019/20 жылғы маусымнан бастап ол Франция чемпионатының ойындарында тұрақты түрде төрешілік етеді
Біздің серіктес: FONBET