“Қайрат” командасы биылғы Чемпиондар Лигасындағы жақсы көрсеткіштерінің арқасында Молдова чемпионының нәтижесін қайталады.
Алматылық ұжымы 2021 жылы “Шерифтен” кейін бірінші айналымнан бастап Чемпиондар Лигасының топтық/жалпы кезеңіне шыққан алғашқы команда атанды.
Уразбахтин шәкірттері бұл жолда “Олимпия” “Любляна” (3:1), КуПС (3:2), “Слован” 1:1 (пен: 4:3), “Селтик” 0:0 (пен: (3:2).
Ал "Шериф" ұжымы болса, топтық кезеңге дейін “Теута” (5:0), “Алашкерт” (4:1), “Црвена Звезда” (2:1) және “Динамо Загреб” (3:0) ұжымдарынан басым түсті.
Бір қызығы, Тирасполь командасы сол кездегі топтық кезеңде “Реал Мадридті” “Сантьяго Бернабеуде” 1:2 және Донецкілік “Шахтерді” 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын.
Еске салсайық, 28 тамыз, сағат 21:00-де Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылады. Жеребеге 4 себетте орналасқан “Қайрат” командасы да қатысады.
Біздің серіктес: FONBET