Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі қайта өтеді

14.12.2021, 00:00
Алғашқы рәсімде бірнеше қателіктер орын алды.
Жарнама
Жарнама

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына арналған жеребе тарту рәсімі қайта өтетінін хабарлады. Салтанатты шара Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Вильярреалдың» қарсыласы ретінде турнирдің топтық кезеңінде испаниялық клубпен кездескен «Манчестер Юнайтед» командасының аты жазылған допты алды. Бірақ олар 1/8 финалда бір-бірімен ойнай алмайды. Нәтижесінде, «Вильярреалға» «Манчестер Сити» қарсылас атанды. Ал «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ға түскен еді.

Басты мәселе «қызыл сойқандардың» «Атлетиконың» ықтимал қарсыластары жазылған себетке түспеуі еді. Испаниялық клуб наразылық білдіріп, УЕФА шағым түсірді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров