Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының жеребесі

17.12.2013, 01:10
Жарнама
Жарнама
Бүгін чемпиондар лигасының 1|8 финалының жеребе тастау рәсімі болып өтті.  Өз тобында жетекшілік танытып, келесі кезеңге жолдама ала білген мықтылар өздерінің қарсыластарын анықтады. Жеребе тастау рәсімінде кімнің жолы болып, кімге жеребе жолдас болмағанын бірге анықтап көрейік. 1."Манчестер Сити" - "Барселона" загруженное 3
Бұл ең алғашқы жұп. Финалда көруімізге лайық болған қос команданың біреуі жарысты ерте аяқтайды. ''Қалалықтар '' биылғы маусымда барын салып көретіндері анық. Ал, ''Барселона'' соңғы 5-6 жыл көлемінде жартылай финалға жетпей сүрінген емес. Месси мен оның командасына ең қолайсыз саналған қарсылас бұйырғанын айта кетейік. Дәл осы сөздерді ''Манчестер Сити'' командасына да қолдануға болады. Қос команданың ешқайсысын фаворит деп айта алмаймыз. Екеуі де мықты, екеуінде де бүкіл әлемде теңдесі жоқ футболшылар шоғырланған. Яя Туре өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнайды. Туренің Барса басшылығына айтатын сөздерін ойынмен дәлелдеудің сәті келіп-ақ тұр.
2."Олимпиакос" - "Манчестер Юнайтед"
images (2)
Бұл жұптың сөзсіз фавориті ағылшындар. Давид Мойестің командасы биылғы маусымды сүреңсіз өткізіп жатыр дегенмен де, гректермен салыстырған да ''Қызыл сойқандардың'' шеберлігі басым екенін бәрі мойындаса керек. Ал, ''Олимпиакосты''  соңғы жылдары еурокубоктарда көре беріп, көзіміз үйреніп қалғандай. Командалық ойынмен мақтана алады бұл ұжым. Соңғы жылдардағы прогрессті қосар болсақ, Руни мен оның командасына да осал қарсылас бұйырмағанына көзіміз жетеді.
3."Милан" - "Атлетико"
images (1)
Бұл жұптың фавориті ретінде осы маусымдағы ойындарын ескерер болсақ, испаниялық клубты атауға болады. ''Милан'' осыдан 5-6жыл бұрынғы ''Милан'' емес. Бір кездері бұл команданы Чемпиондар лигасының финалынан көре беру де әдетке айналғандай болған. Соңғы уақыттарда клубтың толып кеткен ішкі және сыртқы мәселелері команданың ойынына да әсер етті. Қайта оралған Кака мен оның командасы Диего Коста мен Давид Вилья бастаған жігіттерден айласын асырып кетеді дегенге сене қою қиын-ақ. Диего Симеоне командасы биылғы маусымды көтеріңкі рухта өткізіп жатқандығы бір бөлек, бұл команданың Еурокубоктардағы жеңістерге шөдеп қалғандығы тағы бар.
4."Байер" -'' ПСЖ''
загруженное (6)
Германия бундеслигасының соңғы жылдардағы қарқынды дамуы биыл Чемпиондар лигасында да байқалды. Төрт бірдей неміс командасының келесі кезеңге жолдама алғандығын тек осылай ғана түсіндіруге болады. Леверкузеннің ''Байеріне'' өте мықты қарсылас жолыққаны сөзсіз. Франция чемпиондары бұл жұптың сөзсіз фавориттері. Ибра мен Кавани бастаған жігіттер қазір де нағыз бабында жүр. Бұл командаға немістерден әлдеқайда мықты қарсылас жолығып қалуы әбден мүмкін болған. Және Лоран Бланның командасы бұл мүмкіндікті уыстарынан шығармаса керек.
5."Галатасарай" - "Челси"
загруженное (8)
Бұл жұптың фавориті кім екендігін айтып жатудың өзі артық болатын шығар. Жозе Моуриньюның командасы келесі кезеңге өтуі керек. Бірақ, түрік командасы топтық кезеңде Италия чемпиондарын жарыстан шығарып жібергендігін ұмытпауымыз керек. Және ''Галатасарай'' сапында Дидье Дрогба бар. Дрогбаның бұрынғы командасына қарсы ойынын көреміз. Лондондықтар бұл шабуылшының қаншалықты қауіпті екендігін жақсы біледі. Тағы да ''ақсүйектер'' қатарында Азар, Мата сияқты орындаушылар бар екендігі белгілі.
6."Шальке" - "Реал"
                                                                   загруженное (4)
Мадридтіктердің жолы болды деп айтуға да болатын сияқты. ''Арсенал'' сияқты мықтыға түскеннен әлдеқайда артық болды. Корольдік клубтың үлкен жеңістерге ұмтылатын уақыттары жеткелі қашан. Криштиану бастаған жігіттер биыл қалайда финалға жетуге тырысып бағады. Ішкі біріншіліктегі жағдайдың мәз еместігін де айта кету керек. Еурокубоктардағы жеңісті он шақты жылдан бері бұл команда өкілдері түстерінде көріп келе жатыр десек, артық айтқандық емес. Ал, неміс командаларын бағаламаудың қандай болатынын испаниялықтар былтырғы ойындардан жақсы біледі.
7."Арсенал" - "Бавария"
загруженное (2)
загруженное (2)Арсен Венгердің тағы да жолы болмады. Еуропаның ең мықты командасынан айла асыруға тура келіп тұр. Естеріңізде болса, былтыр дәл осы кезеңде дәл осы екі команданың жолы түйіскен болатын.  Алғашқы ойын Лондонда өтеді. МҰның өзі Гвардиола шәкірттеріне қосымша үстемдік береді.  ''Канонирлердің'' биылғы ойындары көз қуантады. Бірақ, ''Бавария'' ол басқа мәселе. Өздерінің мықтылықтарын неміс машинасына тағы бір мәрте дәлелдейтін сәт туып тұр.
8."Зенит" - "Боруссия"
                                                                                         загруженное (3)
Алты ұпаймен топтан шыққан Петербор клубы чемпиондар лигасының финалисі, Германияның вице-чемпионы атағындағы командамен күш сынасады.  Немістер, әрине фаворит. Бірақ, бүл команданың биылғы ойындарының барлығын сәтті деп айта алмайсың. Кім біледі, мүмкін ресейліктердің жолы болып та қалар?
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров