Жарнама
Жарнама

Чемпиондар лигасының «Жыл жаңалығы» құрамасы жарияланды

31.12.2020, 08:21
Чемпиондар лигасының “жыл жаңалығы” кімдер атанды?
Жарнама
Жарнама

УЕФА баспасөз қызметі 2020 жылғы Чемпиондар лигасының жаңалығына айналған ойыншылар тізімін жариялады.

Құрамға Чемпиондар лигасында 2020 жылы алғаш қатысқан ойыншылар немесе бұрын ойын тәжірибесі аз болған 24 жастан жоғары емес футболшылар таңдалды. «Жыл жаңалығы» құрамын журналисттер мен УЕФА-ның ресми сайтының редакторлары жасақтады.

2020 жылғы Чемпиондар лигасының «Жыл жаңалығы» құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Анатолий Трубин («Шахтёр» Д).

Қорғаушылар: Кристиан Ромеро («Аталанта»), Заиду Сануси («Порту»), Жюль Кунде («Севилья»), Альфонсо Дэвис («Бавария»).

Жартылай қорғаушылар: Педри («Барселона»), Джованни Рейна, Джуд Беллингем (екеуі де — «Боруссия» Д), Доминик Собослаи («Ред Булл Зальцбург»).

Шабуылшылар: Диогу Жота («Ливерпуль»), Маркус Тюрам («Боруссия» М).



Жарнама
Жарнама

Новости партнеров