Бүгін ҚПЛ-дің бірінші тур ойындары жалғасады. Жанкүйерлер жексенбінің ойын күнінде бірнеше қызықты матчты тамашаламақ. Көпшіліктің назары алдымен былтырғы чемпионаттың жеңмпазы "Ордабасы" мен "Шахтердің" кездесуіне ауатыны анық.
Маусымаралық үзілісте күшейе түскен шымкенттіктер бірінші ойынды жеңіспен бастау үшін аянып қалмас. Александр Седневтің жаңа чемпионат басында көңілі тоқ. Команда Түркиядағы төрттіктің турнирін ұтты. Оның үстіне, Суперкубоктегі жеңілістің ащы дәмі де әлі таңдайдан кете қойған жоқ. Сондықтан, бүгінгі кеште шымкенттіктер сол ойынның есесін қайтаруға тырысады. Дебюттік матчта әрі жанкүйерін қуантуды да ойлайды. Жыл басынан бір ресми ойын өткізіп үлгерген "Ордабасының" футболшылары бірінші турдағы қарсыласына қарағанда дайынырақ болатыны түсінікті. Кеншілер де "ай қарап» жүрген жоқ. Дегенмен, «Ордабасының» бұл күні қарағандылықтардан бір бас жоғары болатын жөні бар. Ал біз осы ойын туралы толғанып отырғанда шымкенттіктер бірден екі голды салып үлгеріпті. Әзірге болжамымыз дұрыс келе жатыр. Дегенмен, матчтың ары қарай қалай өрбитінін күтейік.
Біздің серіктес: FONBET