Жарнама
Жарнама

Черчесов пен Адиевтің басты айырмашылығы белгілі болды

Бүгін, 11:31

Еліміздегі танымал бапкердің бірі Алмас Құлшынбаев Станислав Черчесов пен Магомед Адиевтің бапкерлік жұмысындағы негізгі айырмашылығы жайлы айтты.

Магомед Адиев
Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған маманның пікірінше, Магомед Адиев қызмет еткен жыл сәтті кезең болған.  

«Черчесовтың қаталдығымен қатар ойын схемасындағы өзгерістерін ескерсек, құраманың кілтін таба алмады ма, кім біледі... Адиев бір кілтін тапқандай көрінеді, мүмкін, Қазақстандағы бес қорғаушымен, қорғана жүріп шабуылдайтын ойын жүйесіне тиіспегендіктен бе, әйтеуір жолы болды. Бәлкім, Черчесов ендіргісі келген Еуропалық футболға біз әлі дайын болмадық па, төрт қорғаушымен шабуылдайтын, допты ұстайтын мәнерге бой үйрете алмай келеміз бе?... Бәрібір күтуге тура келеді, С Лигасындағы қарсыластарымызбен бір нәтижені көріп қалармыз. Қазіргі ойын мәнері соларға қарсы өзінің жемісін беріп қалар. Десе де, Адиевтің ойыншылардың тілін табуда және ойын жүйесін таңдауда қателеспегені анық болып отыр. Қос бапкердің арасындағы негізгі айырмашылық та осында деп ойлаймын», - деді А. Құлшынбаев.

Станислав Черчесовке дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев жаттықтырған. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болып, тек Грекияға қарсы матчта есе жіберді. Айта кетейік, биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына түсіп қалды. Ал Станислав Черчесов болса ҚФФ-мен түзген келісімшартына сәйкес, 2026 жылдың жазына дейін құраманы тізгіндемек. Егер, осы келісімшарт бұзылған жағдайда ҚФФ ресейлік маманға 1 млн еуро өтемақы төлеге міндеттеледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров